ЕуроОдақ банктеріне төнген қауіп жоқ
Америкалық «Силикон Валей» банкінің банкортқа ұшырауынан бельгиялық және француз банктеріне төнген қауіп жоқ.
Бұл туралы Брюссельде ЕуроОдақ елдерінің Қаржы министрлері мәлімдеді. Алайда Экономика жөніндегі еурокомиссар Паоло Джентилони биржада біраз дүрлігу болатынын жоққа шығармады. Ол Еурокомиссия қаржы нарығындағы жағдайды бақылап отыр деді. Америкадағы банктердің банкроттық кесірін Еуропа да сезінді. Немістің «Коммерцбанкі» 12,7, швейцариялық «Кредит Суисс» 15 пайызға құлдырады.
Паоло Джентилони, экономика жөніндегі еурокомиссар:
- Біз бұдан ешқандай қауіп көріп тұрған жоқпыз. Әрине жағдайды жіті қадағалап, "Кремний алқабындағы" Банкпен тығыз байланыс ұстап отырмыз. Жанама теріс әсерлері болуы мүмкін. Бірақ алаңдауға еш негіз жоқ.
Винсент Ван Петегем, Бельгияның Қаржы министрі:
- Әр сағат сайын жағдайды бақылап отырмыз. Дәл қазір біздің бельгиялық банктерге еш зиян тиіп жатқан жоқ. Біздегі еуропалық және бельгиялық нормативті-құқықтық база өте жақсы жолға қойылған. Банк жүйесіне деген сеніміміз жоғары.