Болгарияда мигрант толы микроавтобус ұсталды
Болгарияда полиция 25 мигрантты тиеп әкетіп бара жатқан бір микроавтобусты ұстады.
Көлікте отырғандар Ауғанстаннан заңсыз келген босқындар болып шықты. Жүргізуші қамауға алынды, қазір тергеу жүріп жатыр. Болгарияда 2 апта бұрын босқындармен байланысты тағы бір оқыс оқиға тіркелген еді. Тәртіп сақшылары жол бойында тұрған жүк көлігінен 18 мигранттың мүрдесін тапқан болатын. Тергеу кезінде олардың да Ауғанстаннан келген мигранттар екені анықталған.