Африкада дәрігерлер мен мұғалімдер ереуілге шықты
Оңтүстік Африка республикасында дәрігерлер мен мұғалімдер ереуілдерін жалғастырып жатыр.
Наразылық шарасы өткен аптада басталған. Қызметкерлер биліктен жалақыларын 10 пайызға көтеруді талап етуде. Үкімет болса олардың еңбек ақысын тек 4,7 процентке өсіруге ниетті. «Билік талаптарымызды орындамайынша наразылық жалғаса береді»,- дейді шерушілер.
Марта Мокоена, кәсіподақ өкілі:
- Біз бұл жерде наразылық шарасын наурыздың 6-сынан бері жалғастырып келеміз. Егер ауруханада оқыс жағдайлар тіркелсе билік кінәлі болады. Себебі үкімет біздің жағдайымызға көңіл бөліп мәселені шешпей отыр.