АҚШ-та тағы 2 жүк пойызы апатқа ұшырады

АҚШ-та тағы 2 жүк пойызы апатқа ұшырады.

Оқиғаның бірі Огайо штатында Топок қаласы маңында болды. Түрлі химиялық зат тиеген пойыз рельстен шығып, аударылып қалды. Соның салдарынан ауаға винихлорид газы тараған. Ал екінші оқиға Вашингтон штатының Анакортс қаласына жақын жерде тіркелді. Мұнда да жүк пойызы аударылып, жерге 5 мың галлон дизель төгілді. Қазір апаттардың себептері анықталып жатыр.