Жаңа Зеландия депутаттарына TikTok қолдануға тыйым салынды
Жаңа Зеландия депутаттарына қызметтік телефондармен Тик-Ток қолдануға тыйым салынды.
Шектеу наурыздың 31-інен бастап күшіне енеді. Десе де, бірқатарына қызметтік міндеттерін орындау үшін қытайлық қосымшаны пайдалануға рұқсат берілмек. Бұл туралы ресми мәлімдемеде айтылған. Билік өкілдерінің айтуынша, Тиктокқа тыйым салуға киберқауіпсіздік мәселесі себеп. Айта өтейін, бұған дейін Еуроодақ, АҚШ пен Канадада осыған ұқсас шешім қабылданған болатын.