Сауд Арабиясында түйелер жарысы өтіп жатыр

Сауд Арабиясының солтүстік-батысында Түйе жарыс өтіп жатыр.

Жүлде қоры 21 миллион АҚШ долларынан асады. Сарапшылар бұл сайыс тарихындағы ең үлкен сома дейді. Додаға әлемнің түкпір-түкпірінен үміткерлер жиналған. Жарыстан басқа, түрлі мәдени іс-шаралар мен көрмелер де ұйымдастырылған. Кейінгі жылдары Сауд Арабиясының билігі экономиканы әртараптандырып, сан алуан туристік іс-шаралар өткізуді әдетке айналдырған.

Еннад Әл-Балауи, көрермен:

- Біздің аймақта мұндай ірі жарыс бұрын-соңды өтіп көрмеген. Өте қомақты жүлделер тігіліп отыр. Бұл бізге бір жағынан қызық, екінші жағынан зор мақтаныш.

Суиз Битс, АҚШ азаматы:

- Біз де осы жарысқа өз түйемізді әкелдік. Әзірге бесінші орында келе жатыр. Бірінші орын аламыз деген үмітіміз де жоқ емес. Жүлде қорының жоғары болғаны өте заңды. Өйткені бұл елде түйе ең маңызды жануар.