Черногорияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтеді

Черногорияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтеді

Черногория халқы ел президентін сайлаудың екінші кезеңінде анықтайтын болды.

Сайлаудың бірінші кезеңінде жеңіске жету үшін кандидаттар 50%-дан астам ұпай жинау керек еді. Алайда үміткерлердің ешқайсысы бұл көрсеткіштен аса алған жоқ. Бюллетеньдердің 90 пайызы есептелген. Соның нәтижесі бойынша қазіргі президент Мило Джукановичке сайлаушылардың 35,3 пайызы дауыс берген. Ал Яков Милатович 29,1 дауыс жинаған. Айта кетейін, алғашқы дауыс беру туры кеше өтті. Екінші тур 2 сәуірге жоспарланған.