Түркиядағы қонақ үйлердің қауіпсіздігі алаңдатады

Түркиядағы қонақ үйлер мен қоғамдық тамақтану орындарына сейсмикалық қауіпсіздік туралы сертификаттар берілсін!

Елдің туристік операторлар одағының басшысы осындай ұсыныс жасап отыр. Сонда келушілер тарапынан сенімсіздік болмайды дейді. Өйткені кейінгі уақытта шетелдік демалушыларды сейсмикалық қауіпсздік алаңдатып отырғаны жасырын емес. Түркияда жер сілкінісі құрбандарының саны 49 мыңнан асты. Материалдық шығын 100 миллиард АҚШ долларына жетті.