Сомалиде былтыр қуаңшылықтан 43 мың адам көз жұмды

Сомалиде былтыр қуаңшылықтан 43 мың адам көз жұмды. Марқұмдардың жартысы - балалар.

Өткен жылы ел тарихындағы ең ұзақ құрғақшылық тіркелген. Елде бүгінде 6 миллион адам тойып тамақ ішпейді. Қауіпсіздік мәселесі тағы бар. Аш-Шабаб содырлары жиі шабуыл ұйымдастырып, елге гуманитарлық көмекті жеткізу қиынадаған. Осының салдарынан 4 миллионға жуық адам үй-жайын тастап, босып кетті. Эфиопия мен Кения жұрты да қуаңшылық зардабын тартып отыр.