Венада 460 кәсіпорын банкрот болды

Биыл Австрия астанасында 460-қа жуық кәсіпорын банкротқа ұшырады.

Бұл былтырмен салыстырғанда, 40 процентке көп. Әсіресе құрылыс саласында жұмыс істейтін компаниялардың біразы жабылды. Бұдан бөлек қонақ үй бизнесі мен автошеберханалар да қызметін тоқтатқан. Банкроттыққа коронавирустан кейін туындаған дағдарыс себеп. Оның үстіне электр энергиясы да қымбаттап кетті. «Жыл соңына дейін Венада 2 мыңға жуық кәсіпорын қызметін тоқтатуы мүмкін», - дейді сарапшылар.