TikTok басшысы АҚШ билігіне есеп береді
АҚШ Тикток әлеуметтік желісіне тыйым салмақ.
Бірақ бұған қарсы ел көп. Блогерлер мен тикток пайдаланушылар бұл тыйым олардың құқықтарын бұзады деген ойда. Бүгін сол TikTok басшысы - Сингапур кәсіпкері Шоуцзы Чу АҚШ Өкілдер Палатасының энергетика және сауда комитетінде деректер қауіпсіздігі және қосымшаның мәліметті құпия сақтау тәжірибесі жөнінде есеп береді.
БЛИЦ
- Конституциядағы бірінші түзетуге сәйкес сөз еркі мен еркін қатынасқа құқығымыз бар. Ал TikTok платформасы 150 миллион америкалық еркін араласатын қауымдастық пен кеңістік құрды.
- Заңгер ретінде мансабымның өсуіне TikTokтың маңызы зор болды. Мен сияқты адамның көп екеніні білемін. Бұл платформа өз пікірлерімен бөлісіп, адамдардың өмірін өзгертуге көмектесетін қоғам белсенділері үшін өте маңызды.