Лос-Анджелесте өткен 3 күндік ереуіл нәтижесіз аяқталды

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында 3 күн бойы өткен мұғалімдердің ереуілі нәтижесіз аяқталды.

Ұстаздар жалпы айлықты 30 пайызға көтеруді және ең төменгі жалақыға 2 пайыз үстемақы қосуды талап еткен болатын. Осы шерулердің салдарынан 420 мың оқушы сабаққа бара алмай қалды. Наразылық акциясына 30 мың адам қатысқан. Белсенділер еңбекақы мардымсыз болғандықтан мұғалімдік жұмыстың беделі түскенін, қазір бұл мамандыққа жастардың барғысы келмейтінін айтады. Бірақ билік бұған әзірге құлақ аспай отыр.

Анастасиа Гонсалес, мұғалім:

- Мектептерімізде кадр өте тапшы. Мысалы, бізде оқу жылы басталғалы мұғалімге көмекшілер жетіспей жатыр. Мұның басты себебі - жалақының аздығы. Мұғалімдер жылына кемінде 25 мың доллар айлық алуы тиіс.