Солтүстік Корея суасты дронын сынақтан өткізді

Солтүстік Корея суасты дронын сынақтан өткізді

Солтүстік Корея ядролық қару тасымалдай алатын, су астында өздігінен ұшатын құралды сынақтан өткізді.

Бұл туралы осы елдің ақпарат құралдарына сілтеме жасаған "Ренхап" агенттігі хабарлады. Оқтұмсық діттеген жерге жасырын түрде жылдам жетіп, жарылыс жасау арқылы цунами тудыра алады делінген дерек көзінде. Сынақты Ким Чен Ынның өзі бақылап тұрған. Қазір бұл аймақта АҚШ пен Оңтүстік Корея бірлескен әскери-оқу жаттығуын өткізіп жатыр. Аталған құрал осы іс-шарада тексерістен өткізілді дейді ақпарат құралдары. Бірақ кейбір сарапшылар Солтүстік Кореяда суасты дрон бар дегенге күмәнмен қарайды.