АҚШ-тың Техас штаты майнинг саласына қолайлы болып тұр

Бұған осы өңірде электр энергиясының арзандығы себеп.

Майнинг, яғни криптовалюта өндіруге едәуір тоқ көзі керек. Бұл компаниялар тұтынған электр энергиясы үшін 30 проценттік салық та төлейді. Ал Техаста күн электр станциялары мен жел генераторлары секілді жаңғырылатын қуат көздері көп. Тақауда Нью-Йорк штатының әкімшілігі дәстүрлі отыннан өндірілетін электр энергиясын майнингке жұмсауға тыйым салды. Өзге де штаттар осындай заң қабылдайтын түрі бар. Енді бұл жақтағы майнинг компаниялары жаппай Техасқа көшіп жатыр. 

Джошуа Родс, Техас университетінің ғылыми қызметкері:

- Батыс Техаста электр энергиясыны арзан. Ал криптовалюта өндірісіндегі шығынның 80-90 проценті электр қуатына кетеді. Сондықтан баға төмен болғандықтан, осында өндіру тиімді.