Наурыз мейрамы Женевада тойланды

Наурыз мейрамы халықаралық дипломатия орталығында тойланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдік ұйымдастырған шараға халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпус басшылары қатысты. Қазақ халқының салт-дәстүрі, ұлттық киім-кешегі, аспаптары және тағамдары көпшілікке ұсынылды. Ұлттық мәдениеттің бай мұрасын таныстыру мақсатында Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының фольклорлық кәсіби ұжымдық ансамблі Женеваға арнайы барып, өнер көрсетті. Осылайша, Ұлыстың ұлы күні мерекесі Женева жұртшылығын тәнті етті.