Үндістан ғарышқа 36 спутник ұшырды

Британдық One Web компаниясының аппараттары орналастырылған зымыран елдің оңтүстік-шығысындағы Шрихарикота аралынан көкке самғады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, британдық мекеме орбитада өз спутниктер тобын құруды аяқтамақ. Жоспар бойынша олардың жалпы саны 600-ден асуы тиіс. Бұл спутниктер ғарыштан әлемнің кез келген бұрышына жоғары жылдамдықты интернет ұсынуға мүмкіндік береді.

Аталмыш компанияның қондырғылары осымен екінші рет Үндістаннан ұшырылып отыр. Алғашқы партия елден былтыр қазан айында ғарышқа жіберілген.