Грузияда бала асырап алудың машақаты көп

Грузияда бала асырап алу оңай емес. Тиісті рәсім ұзаққа созылады. Қазір елде ата-анасының қамқорлығынан айырылған бүлдіршіндер мен жеткіншектердің саны азайды. Егер осыдан бірнеше жыл бұрын жылына орта есеппен 250 бала асырап алынса, қазір бұл көрсеткіш 1,5 есеге азайған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Грузияда бала асырап алу оңай емес. Елде жетімдер үйінің орынына түрлі қамқорлық мекемелері жұмыс істейді. Қазір бұл мемлекетте тастанды балаларды қамқорына алғысы келетін 2 мыңнан аса отбасы өз кезегін күтіп отыр. Ал асырап алуға болатын бүлдіршіндердің саны 150-ден сәл асады.

Саломе Чичинадзе, әлеуметтік мәселе жөніндегі менеджер:

- Мемлекет алдымен бала биологиялық отбасына, яғни өз ата-анасына қайтарылып, туған шаңырағында өсуіне көңіл бөледі. Тек туысы жоқ болса, өзге жанұяның қамқорлығына беру жағы қарастырылады.  

Грузияда жалпы бала асырап алу процесі аса қиын емес. Бірақ ол көп жылға созылуы мүмкін. Себебі қазір жетімдер саны азайған. Оның үстіне қамқорлыққа алғысы келетін отбасыларды таңдау тәртібі қатаңдады.

Мари Церетели, «Балаларды қорғау лигасы» бағдарламасының менеджері:

- Бала асырап алғысы келетін отбасыларды іріктеуде алдымен жанұяның жағдайына назар аударылады. Онда бүлдіршінге туған ата-анасы сияқты жақсы қамқорлық ұсына алатындай мүмкіндік болуы тиіс. Асырап алушының жасына да айрықша мән беріледі.

Грузияда шетелдіктердің бала асырап алу жағдайы өте сирек кездеседі. Шетел азаматтарына әдетте мүгедек балаларды ғана асырап алуға рұқсат етіледі.

Авторлары: Дәурен Ақашұлы, Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили.