Францияда наразылық шарадан 30 адам зардап шекті
Францияда су қоймасына қарсы наразылық шара полициямен қақтығысқа ұласып, 30 шақты адам жараланды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Зардап шеккендердің көбі – тәртіп сақшылары. Экобелсенділер Сент-Солиндегі жаңа құрылысқа қарсы шыққан. Наразы жұрт климаттың өзгеруіне қатысты елде онсыз да жағдай нашар болып тұрғанда, шенеуніктер су ресурсатын қорғамайды деп дабыл қақты. Жергілікті билік бұл ауыл шарылшығын сумен қамтамасыз етуге және құрғақшылықпен күресуге қажетті шара деп ақталып әлек. Мамандар айтуынша, жасанды қоймалар негізі жер қойнауларын, өзен-көлдер мен арықтарды табиғи жолмен суаруға кедергі келтіреді.