Ирак азаматтары уран қалдығының улы зардабын тартып жүр

Көптеген Ирак азаматы уран қалдығының улы зардабын тартып жүр. Олар 2003 жылғы соғыста АҚШ әскері тастаған радио-химиялық қару-жарақты қолмен жинаған және осы жұмысшылардың 90%-і қатерлі ісікке шалдыққан. Бұл туралы жергілікті Радиация салдарын зерттеу комитетінің өкілдері мәлімдеді.

Ал «Әл-Жазира» таратқан мәлімет бойынша, әр 100 мың адамның 1600-ы жан тапсырған. Бұдан басқа, соғыстан кейін кемтар балалар көптеп туа бастаған.

Ибраһим Аббади, Радиация салдарын зерттеу комитетінің мүшесі:

- Уранның көмегімен жүретін танктің қалдығын ұстаған жұмысшылардың 90%-і қатерлік ісіктен қайтыс болды. Бұл соғыс біздің жүрегімізде әлі болып жатыр. Оның қасіретінен ешқашан арыла алмаймыз.

Бушра Ахмет Абдулсамед, жергілікті тұрғын:

- Үлкен ұлым қатерлі ісіктен көз жұмды. Ересек қызым өздігінен дұрыс отыра да, жүре де алмайды. Күні бойы ұйықтай береді. Оянса, жылайды. Оның да ғұмыры ұзаққа бармайтын шығар. Мен психологиялық тұрғыда тірі өлікке айналған адаммын.