Филиппинде жолаушылар кемесі отқа оранды

Филиппинде 250 жолаушы мен экипаж мүшесі мінген кеме отқа оранды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өрт салдарынан 12 адам ажал құшты. Қаза тапқандар арасында 3 бала бар. Тағы 23 кісі жарақат алып, 7-уі жоғалып кеткен. Оларды іздеу операциясы жүріп жатыр. Көп адам дер кезінде суға секіріп, аман қалған екен.