Қытайдың Хайнань провинциясында Боао Азия форумы басталды
Қытайдың Хайнань провинциясында Боао Азия форумы басталды.
Құрамына 29 мемлекет мүше, үкіметтік емес ұйымның басқосуын сарапшылар Шығыс Давос деп атайды. Биыл делегаттар Азия өңіріндегі ынтымақтастық пен сын-қатерлер, жаһандық даму мен қауіпсіздік тақырыптарын талқылайды. Шараға 50-ден астам елден 2 мыңға жуық өкіл қатысуда. Қазақстан тарапынан премьер-министр орынбасарының міндетін атқарушы Ғалымжан Қойшыбаев ашылу салтанатына қатысты.
Ли Цян, ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьері:
- Біз ашық әлемдік экономика құруымыз қажет. "Бір белдеу – бір жолдың" сапалы құрылысын қамтамасыз ету, жаһандық сауда мен инвестицияларды жеңілдету, сауда саттықты жандандыру керек. Әлемдік экономиканың дамуына ықпал ете отырып, ынтымақтастықты дамыту аса маңызды.