Бельгияда Пасха мерекесіне орай көрме ұйымдастырылды

Бельгияда Пасха мерекесіне орай шоколад жұмыртқаларының көрмесі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейбірінің биіктігі 60 сантиметрге жетеді, барлығы жеуге жарамды. Көрмеде шокаладтан жасалған асыл тастармен көмкерілген Фаберже жұмыртқасы және Пасха аралындағы моаи мүсінін көруге болады. Кейбір бұйымдардың салмағы 45 келіге жетеді.