Нидерландта пойыз апатқа ұшырап, адам қаза тапты

Нидерландта жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, 30 адам жараланды.

Бір азамат көз жұмды деген ақпарат түсті. Оқиға Гаага қаласының маңында болған. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, зардап шеккендердің көбінің халі мүшкіл. Әзірге апатқа нақты не себеп болғаны белгісіз. Болжамға сәйкес, жоғары жылдамдықпен келе жатқан пойыз жол бойында тұрған құрылыс заттарға соғылып, рельстен шығып кеткен. Істің мән-жайы анықталып жатыр.