Brent мұнайы қымбаттады

Brent маркалы мұнай қымбаттады.

Қазір оның баррелі 85,32 долларға сатылып жатыр. Бұл әзірге биыл тіркелген ең жоғары баға. Осының алдында "ОПЕК+" қара алтын өндірісін мамырдан бастап жыл аяғына дейін біртіндеп азайту туралы шешім қабылдаған болатын. Мұнан кейін мұНай да қымбаттай бастады.

БЛУМБЕРГ агенттігі хабарлағандай, енді инфляцияның жаңа толқыны болуы мүмкін. Кейбір сарапшылар жазда, Brent-тің бағасы 110 долларға жетеді деп болжап отыр.