Дональд Трамп өзіне тағылған қылмыстық айыптарды мойындамады

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп өзіне тағылған қылмыстық айыптарды мойындамады.

Айыптардың бірі ретінде – әйгілі порножұлдызға 2016 жылы президенттік сайлауға түсерде ауызбастырық ретінде 130 мың доллар пара бергені де айтылады. Ал құқық қорғау саласындағы сарапшылардың пікірінше, бұл іс Трамптың 2024 жылы президенттікке түсуіне кедергі бола алмайды.

 «АҚШ-тың 45-ші президенті және 2024 жылы өтетін президенттік сайлауға түсуден үміткер Дональд Трамп Манхэттендегі сот ғимаратына өзіне тағылған айыптарды тыңдау үшін келді. Сот отырысы сейсенбіде сағат 14:15—ке белгіленген еді. Алдымен, кәдімгі күдікті ретінде Трамптан саусақ табын алған, бірақ фотосурет түсіруге рұхсат етілмеді. Нью-Йорк штаты Жоғарғы Сотының судьясы Хуан Мерчан БАҚ-ның процесті түсіру туралы өтініштерін қабылдамады. Дегенмен фотографтарға айыптау ісі басталар алдында Трампты түсіруге рұқсат берді. Осылайша сот залына бірнеше минутқа ғана бес фотограф жіберіледі. Ал сол маңға АҚШ-тың бұрынғы президентін қолдайтын топ «Трамп жеңеді, Американы сақтайық» деген ұрандар жазып, көшеге шықты.

БЛИЦ:

- Меніңше бұл айыптау ақымақтық. Егер олар қаласа, 2016 жылы, сол кезде айып тағуы мүмкін еді. Бірақ қазір жаңа сайлау жақындап қалды. Сондықтан қарсыластары оны басып тастамақ болып тырысып жатыр. Бірақ олар білмейтін бір нәрсе бар – ол 2024 жылы сенімді жеңіске жетеді.

- Мен заңның үстемдігіне сенемін. Ешкім де заңнан жоғары емес. Тіпті президент те.

- Бүгін біздің елімізде өте маңызды күн. Бұл тарихи күн. Осындай үлкен күшке ие, экс - президент қамауға алынып, әйелдерге қарсы қылмыстары үшін жауапқа тартылады деп үміттенеміз.

Дональд Трамп әлеуметік желідегі жазбасында Манхэттеннің қылмыстық соты «істі қарау үшін өте әділетсіз орын» деп мәлімдеді және сот отырысын республикашыларға үнемі дауыс беретін Статен-Айлендте өткізуге шақырды. Бүгінгі айыптаулардан шыққан соң Трамп Флоридаға оралып, кешкі сағат 8-ден кете Мар-а-Лагодан мәлімдеме жасамақ.