Моңғолиядағы дала өрті Қытай шекарасына жетті

Моңғолияның шығысында дала өртеніп, тілсіз жау Қытай шекарасына тақап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтау үшін бар күшін салып жатыр. Өрт өткен аптаның соңында шарпи бастады. Бірақ қос елдің биілігі де сөндіре алмай отыр. Өйткені күшті соққан жел мен ыстық ауа райы кедергі келтіріп жатыр.