Ұлыбританияда дәрігерлер ереуілге шықты

Ұлыбританияда ондаған мың жас дәрігер 4 күндік ереуіл жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осының салдарынан 250 мыңдай адам ақхалаттыларға қарала алмай дал. Ереуілшілер жалақысын көтеруді талап етіп отыр. Инфляция 10%-тен асып тұрғанда айлығымыз шайлығымызға жетпейді дейді. Ал медициналық қауымдастық өкілдері жалақыны 35%-ке көтеру керек деп санайды. Өйткені соңғы 15 жылда дәрігерлердің еңбекақысы 26%-ке азайған көрінеді.