Грузия астығын сата алмай отыр
Грузияның фермерлері қоймадағы мыңдаған тонна бидайды сата алмай отыр.
Елде бірнеше диірмен де істен шыққан. Жергілікті тұрғындар болса шет елден жеткізілетін дайын ұнды сатып алған анағұрлым арзан әрі тиімді деп отыр.
Грузия фермерлері былтырғы 30 мың тонна бидайды сата алмай әлек. Диірмендер наурыз айының ортасында жұмысын тоқтатты. Ал қоймадағы астық күн өте бүлініп жатыр.
Николоз Бениаидзе, Грузия астық өндірушілер қауымдастығының төрағасы:
- Астықты шетелге сатуға сәуірден бастап тыйым салынды, бұл азық-түлік қауіпсіздігі үшін жасалып отыр. Бірақ, одан пайда жоқ. Әсері байқалмады. 2 айдан соң алдағы маусымның өнімін жинаймыз. Тіпті оны экспорттауға қайта рұқсат етсе де тиімсіз. Өткен жылмен салыстырғанда, баға екі есе арзандады.
Мамандардың айтуынша, Грузияға бидайды экспорттау оң шешім емес. Қайта бидай өңдеу комбинаттарымен ортақ келісімге келіп, ұн жасап оны сатқанда ғана пайда бар, дейді олар. Қазір дайын өнім Ресейден тасмалдануда. Салдарынан жергілікті диірмен комбинаттарының жұмысы да тұралап тұр.
Малхаз Долидзе, нан өндірушілер одағының төрағасы:
- Өндірушілер үшін бұл мәселе емес, өйткені бізде ұн таңдауы бар. Біз қазір нан бағасын төмендетуді ойлаймыз. Әсіресе әлеуметтік нан - елдегі ең көп өндірілетін және сатылатын нанның түрі, қымбат болмауы тиіс.
Айта кетерлігі, Грузияда ең қымбат нан бағасы 1 лари, яғни біздің ақшаға шаққанда 195 теңге тұрады.
Сымбат Ғалымжанқызы, Юлия Тужилкина