Бразилияда балалар үйі өртенді
Бразилияның Ресифи қаласында балалар үйі өртеніп, 4 адам қаза тапты.
Тағы 13 кісі түрлі жарақат алды. Полицияның хабарлауыша, ғимарат өртеніп жатқанда бір ұл бала мен әйел ғимарат ішінде қалып қойған. Жарақат алған екі адам ауруханада жан тапсырды. Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз.
- Үйдің өртеніп жатқанын көріп жүгіріп келгенде айқайлап көмек сұраған дауыстарды естідім. Содан қолыма өрт сөндіргішті алып жалынды сөндіруге кірістім. Бірақ лаулаған жалын бет қаратпады. Біз кей адамдарды құтқара алмадық.