АҚШ-та пандемияға байланысты енгізілген төтенше жағдай аяқталды

АҚШ-та пандемияға байланысты енгізілген төтенше жағдай аяқталды.

Ел президенті Джо Байден Конгресс қабылдаған заңға қол қойды. Жұқпалы індетпен күрес мақсатында қабылданған құжат мамыр айының ортасында күшін жояады. Демек ел аумағында эпид ахуал жақсарды деген сөз. Сондықтан тегін вакцина мен түрлі медициналық жеңілдіктер тоқтатылады.

Нұрбек Бекен, тілші:

- Ковид өршіп тұрған 2020 жылы Дональд Трамп мемлекеттік деңгейде және халық денсаулығын қорғау бойынша екі төтенше жағдай енгізеді. Соның біріншісі сәуір айында тоқтаса, екіншісі мамырдың ортасында күшін жояды. Демек, ел тұрғындары бұдан былай ковидтың тегін тестін, вакцина салдыру, және ақысыз ем-шара ала алмайды. Тіпті әлеуметтің әлжуаз топтарға жасалған кейбір жеңілдіктер де тоқтайды. Алайда сарапшылар пандемия толық аяқталды деп босағсуға болмайды деп отыр.  

Уильям Шафнер, Вандербильт Университеті медициналық орталығының жұқпалы аурулар бойынша профессоры:

- Пандемия аяқталды деген әрине жақсы жаңалық. Бірақ, індет мүлдем жоғалып кеткен жоқ қой. Вирустан күніне әлі де 200-300-дей адам өліп жатыр. Ал енді енді тегін медициналық көмектер мен ем-шараны шектсек оның арты неге не болмақ? Ертең ковидтің алдын алу қиындап кетуі мүмкін. 

Ел аумағында жарияланған төтенше жағдай президентке пандемиямен күресте қосымша өкілеттіктер беріп келді. Әр тиынның есебін сұрайтын Конгреске жалынбай-ақ, қажетті қаражатты бөле алатын. Тек соңғы үш жылда індетке қарсы шараларға бес триллондай доллар жұмсалды. Оның басым бөлігі бизнес пен ковидке байланысты жұмыссыз қалған халыққа көмек ретінде таратылды. Бірақ, соның салдарынан АҚШ соңғы 40 жылда болмаған инфляция өсті.  Халықты қымбатшылық қысты. Джо Байден сол төтенше жағдайдағы құзіретін пайдаланып, білім алу үшін қарызға кірген студенттердің несиесін де кешірмек болды. Дегенмен республикалық партия оған тосқауыл қойып,  төтенше жағдайды бір ай ерте тоқтатын заң бекітті. 

Лоуренс Костон, Джорджтаун Университенің профессоры:

- Конгреске ковидтен шаршаған халықтан үлкен қысым жасалды. Тұрғындар ғана емес, бизнес қауымдастық, кейбір губернаторлар індетке қатысты тәртіпті жеңілдетуді талап етті.  Мұның бәрі алға жылжу керек деген күшті саяси белгі. Бірақ бізге өте сақ қимылдау керек.  Биліктің халық денсаулығына байланысты төтенше жағдайды мамырдың ортасына дейін созуды сұрағаны да сол. 

Нұрбек Бекен, тілші:

Пандемия кезінде медициналық сақтандыру бағдарламасы бойынша мемлекет қамқорлығына 91 млн адам алынды. Осылайша штаттарға ел бюджетінен қомақты ақша аударылып тұрды. Енді ол көмек тоқтайды. Сондықтан штаттар он бес миллион тегін сақтандыруды алып тастайды. Оның тең жартысы балалар. Қазірдің өзінде елде маска тағу, екпе жасату бойынша біраз талаптар жеңілдеді. Ал төтенше жағдай тоқтатылса, Америкаға келушілерден де вакцина сұралмауы мүмкін.