Жапонияда әуедегі апаттан қаза тапқандардың сүйегі табылды

Жапонияда апаттан кейін 10 күн өткенде су түбінен 5 адамның сүйегі табылды.

Өткен аптада қарулы күштерге тиесілі тікұшақ апатқа ұшыраған болатын. Бортында 10 адам отырған әуе техникасы ұшқаннан соң көп ұзамай, радардан жоғалып кеткен. Қазір өзге де экипаж мүшелері іздестіріліп жатыр. Ал тікұшақ апатының себебі әлі белгісіз.