Ұлыбританияда тұтынушылар дүкенге баруды азайтты
Ұлыбританияда азық-түлік бұрыңғыдай көп өтпейді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өйткені баға өскен соң, тұтынушылардың сатып алу қабілеті төмендеген. Ресми мәліметке қарағанда, Тұманды Альбионда наурыз айында инфляция 10%-тен асты. Сарапшылар бұған Украинадағы қарулы қақтығыс пен «Брексит» себеп дейді.
Былтыр елде астықтың аз жиналуы да шиеленістіре түскен. Ал Халықаралық валюта қоры Ұлыбритания экономикасының дамуы биыл 0,3%-ке төмендейді деп мәлімдеген.