Тайвань сүңгуір дрон жасап шығарды
Тайвань су астында өздігінен жүретін сүңгуір қайық жасап шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл ел Қытайдан қауіп көбейген соң осындай шағын дрон жасауды қолға алған. Оның ұзындығы 4 метр болады. Кемелердің шабуылын тойтаруға арналған. Ал осы уақытта Тайвань төңірегінде жағдай қайта шиеленісіп, Қытай арал маңында әскери жаттығуларын жиілеткен.