Бельгия мен Люксембург қазақтары Брюссельде бас қосты
Мұндағы жұрт ара-тұра кездесіп, арқа-жарқа болып жатады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Студенттер де, жергілікті қазақтар да, дипломаттар да осында.
Елшіліктегі мерекелік кездесуге Бельгияда оқып, жұмыс істейтін жүзден астам қазақстандақтар мен қазақ диаспорасының өкілдері жиналды. Бүгінгі таңда көптеген қазақстандықтар ірі халықаралық ұйымдар мен бельгиялық компанияларда табысты жұмыс істеп жатыр және осы елде білім алып жатқан қазақстандық студенттер еліміздің дамуына үлес қосады, - деді Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан.
Марғұлан Баймұхан, ҚР-ның Бельгия және Люксембургтағы елшісі, ҚР-ның ЕО және НАТО жанындағы миссиясының басшысы:
- Бүгін тек Қазақстан азаматтары емес, олардың жанұя өкілдерімен келіп отыр, жастар келіп жатыр. Ол де біздің жақсы дәстүріміз. Осы біздің Отанымен байланысты нығайту жолында ақ дастарқан жайып, бәріміз қошеметтеп, қарсалып жатырмыз. Көктем мейрамдары өтіп жатыр. Ораза айт қабыл болсын!
Кездесуге келген қонақтар мерекелік дастарқаннан дәм татып, түрлі байқауларға қатысып, ән шырқап, мәре-сәре болып жатты.
Әнел Дүйсенова, Бельгиядағы қазақ диаспорасының мүшесі:
- Мен бүгін өзіміздің аз болса да, қөңіл күйі жылы қазақ диаспора мүшелереміздің жиналғанына өте ризамын. Ең бастысы, біздің ұрпақтарымыз үшін, туған жерінен жырақта туып-өскен балалар үшін бұл – баға жетпес құндылық!
Сапаргүл Қосыбаева, Қазақстаннан барған турист:
- Мен өзімді бүгін өте бақытты сезініп отырмын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, жер бетінде бейбітшілік болсын!
Жаңбырлы ауа райына қарамастан диаспора өкілдері мен дипломаттар жылы, жайбарақат атмосферада пікір алмасып, болашақ жоспарларын талқылады. Жастар болса қол күрес пен арқан тарту секілді спорттық жарыстарға қатысты.
Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов.