Британия телефон арқылы жаппай жедел ескертуді енгізеді
Ұлыбритания телефон арқылы жаппай жедел ескерту жүйесін енгізбек.
Осы демалыста ел бойынша барлық смартфондарда дабыл сынағы жүргізілді. Бұл жүйе арқылы тұрғындар төтенше жағдай туралы, соның ішінде өрт, су тасқыны, шабуыл, теракт сияқты қауіп-қатерге қатысты ескерту алады. Жаңа хабарландыру жүйесіне сәйкес, 4G және 5G желісін пайдаланатын барлық телефондарда бір мезгілде 10 секунд бойы дабыл дыбысы шығады. Дегенмен, сынақ барысында кем-кетіктер байқалды. Кейбір адамдар телефондарына хабарлама келмегенін, енді бірі мүлдем ешқандай дыбыс шықпағанын айтқан.