Судандағы ахуал ушығып барады

Судандағы жағдай шиеленісіп барады.

Ел астанасы Хартумде қарулы қақтығыстар тыйылар емес.

Соңғы әуе шабуылдары  тұрғын үйлерге жасалған. Қалада бірнеше күн бойы электр қуаты мен ауызсу жоқ. Сондай-ақ интернет  желісі жұмыс істемей тұр. Жергілікті тұрғындар азық-түлікке зәру. Бұған жеткізу қызметінің тежелуі себеп. Айта кетейік, қазір Судандағы қарулы қақтығыстар әлем назарында. Шиеленіс бұрыннан келе жатқан, екі жоғары әскери қолбасшылар арасында өрши түсті. Қазіргі таңда кей мемлекеттер қауіпті аймақтардан өз азаматтарын көшіруге кіріскен.

Франция азаматтарын эвакуациялады

Ұлыбританиядан кейін Франция да өз дипломаттарын және әскерилерін эвакуациялап жатыр. Соңғы бір тәулік ішінде елден 100-ге жуық Франция азаматы кеткен. Хартумнан Джибутиге екі рейс ұйымдастырылған. Жанжалдасып жатқан тараптар эвакуация кезінде  француздардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі деп кепілдік берді. Сондай-ақ қазір Иордания, Испания, Германия және Нидерланд елі өз азаматтарын Суданнан шығаруға әрекет етуде.