Ливияның батыс жағалауында 11-ге жуық босқынның мәйіті табылды

Құтқарушылар 67 адамды аман алып шықты.

Соңғы деректерге қарағанда Жерорта теңізіне мигранттар мінген екі қайық батып кеткен. Бұл мәліметтерді жергілікті жағалау қызметі таратты. Куәгерлердің айтуынша, Еуропаға бағыт алған борттарда бас-аяғы  80-ге жуық босқын болған. Болжам бойынша сапар барысында жолаушылар арасындағы жанжал туындап, қайықтар апатқа ұшыраған. Құрбан болғандардың қатарында балалар да бар екен. Мигранттар Пәкістан, Сирия, Тунис және Мысыр азаматтары екені анықталды.