Украинада Чернобыль құрбандарын еске алу шарасы өтті

Осыдан дәл 37 жыл бұрын адамзат тарихындағы ең жойқын техногендік апат болды.

Дәлірек айтқанда, 1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыльдегі атом электр станциясында сынақ кезінде ядролық реактор жарылған болатын. Осыған орай станцияның бұрынғы қызметкерлері шырақ жағып, апат құрбандарын еске алды. Сол кезде радиациялық бұлт Еуропаның біраз бөлігіне тарап кеткен еді. Жарылыстан 31 адам қаза тауып, ондаған мың адам өзге елге қоныс аударды. Кейінгі жылдары қатерлі ісік секілді радиациядан туындаған дерттен 115 мыңдай тұрғын қайтыс болды.