Британдық ғалымдар қоршаған ортаға зияны жоқ пластик жасап шығармақ

Бірақ оның әдеттегідей мұнай, газ не көмірден жасалмайтыны анық.

Өндіріске ақуыздар қолданылады. Әзірге технология құпияда сақталып келеді. Әлемде жыл сайын 460 млн тонна пластик өндіріледі. Мамандар егер шұғыл шара қабылданбаса, 2060 жылға таман бұл сан 3 есе артатынын болжайды. Демек жылдық көрсеткіш млрд тоннадан асып кетеді деген сөз. Шығарылған пластиктің тек 9%-ті ғана қайта өңделеді. Ал қалғаны қоқыс күйінде жиналып, мұхиттарды ластайды.  

Грант Ааронс, биопластик жасайтын компанияның бас директоры:

- Мұхиттың түбінде пластик қалдықтарының 8 млрд тоннасы жатыр. Әлемде 8 млрд адам бар. Енді ойлай беріңіз, бір адамға пластиктің бір тоннасынан келетін боп тұр ғой. Табиғатты аялауымыз керек. Сондықтан күнделікті өмірде қажетті заттардың өндірісінде сапалы материалдар қолдануымыз қажет.