Италияға бет алған мигранттар легі тоқтар емес
Италияға бет алған мигранттар легі толастамай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жуырда Лампедуза аралына тағыда 100 адам жетті. Ресми ақпарат бойынша, бүгінде бұл аралда бас-аяғы 1000-нан астам босқын бар. Алайда олардың бәрін арнайы орталықтарға жайғастыру қиынға соғып тұр. Өйткені лагерь небәрі 400 адамға арналған. Билік өкілдерінің айтуынша, аралға келгендердің арасында бала көп. Ішкі істер министрлігі таратқан мәліметке сәйкес жыл басынан бері ел аумағына 40 мыңға жуық босқын келген. Бұл былтырғы көрсеткіштен 4 есе көп.