Қазақстан-Түркия достық саябағы ашылды. LIVE
Түркиядағы жер сілкінісінен қираған қалаларды тұрғызуға Қазақстан билігі көмектеседі.
Атап айтқанда әлеуметтік нысандар салып береді. Бұл туралы қос парламент спикерінің кездесуінде айтылды. Спикер бұл бастама Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы екенін жеткізді.
Алдымен Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов әріптесі Мұстафа Шентоппен Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінде екіжақты кездесу өткізді. Бауырлас халықтарымыздың арасындағы достықты тереңдету жайы екі ел Парламенттері спикерлерінің кездесуіне арқау болды. Ерлан Қошанов әуелі Түркияда болған жойқын жер сілкінісі барша қазақ халқының қабырғасын қайыстырғанына тоқталып, көңіл айтты. Сонымен бірге алдағы уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жер сілкінісі аумағында бірқатар әлеуметтік ғимараттың құрылысы жоспарланып отырған атап өтті. Мәжіліс төрағасы Қазақстанның Түркиямен парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін айтты. Кездесу соңында тараптар Мәжіліс пен Ұлы Ұлттық Жиналысы арасындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды.
Екіжақты кездесуден кейін бауырлас елдің қос спикері және 50-ден астам депутат Қазақстан-Түркия достық саябағының салтанатты ашылу рәсіміне келді. Түркия Республикасының 100 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырған саябақ ашылуына Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен Анкараның Мамак муниципалитеті ұзақ дайындалыпты. Саябақ Анкараның көне тарихи орталығы – Мамак ауданында орналасқан. Айналасы тұрғын- үйлермен қоршалған. Ауданы 14 мың шаршы метр. Онда отбасылық демалыс, жүгіру және дене шынықтырумен айналысу үшін барлық жағдай жасалған. Саябақта Күлтегін, Білге Қаған, Тоныкөк жазба ескерткіштері орнатылған. Сондай-ақ қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының мүсіні мен дана философ Әл-Фарабидің ескерткіштері екі қақпаның кіре берісінде тұр