Индонезияда шағын кеме апатынан 11 адам қаза тапты

Индонезияда жылдам жүретін шағын кеме апатқа ұшырап, 11 адам көз жұмды.

Тағы 9 жолаушы жоғалып кетті. Оқиға Суматра аралына жақын жерде болды. Жолаушылардың айтуынша кеме теңізде кетіп бара жатып, үлкен бөренемен соғысып аударылып қалған. Кемеде 78 адам болған. Олардың 58-і құтқарылды.