Еуроодақта балаларға арналған дәрі-дәрмек жетіспейді

Еуроодақта балаларға арналған дәрі тапшы.

Әсіресе қызу мен ауруды басатын препараттар және антибиотиктер жетіспей жатыр. Күзде тұмау секілді әр түрлі инфекциялар тарай бастағанда жағдай ушығуы мүмкін, дейді мамандар. Осыған байланысты Германия, Франция және Швейцарияның дәрігерлері өз елдерінің денсаулық сақтау министрліктеріне шұғыл шара қабылдау жөнінде хат жазды.