Техаста атыстан бес адам қаза тапты

АҚШ-та бірнеше адамның қазасына әкелген атыс болды.

Бұл жолы Техас штатындағы Кливленд қаласында қарулы қаскөй 5 адамды мылтықтан атып өлтірді. Арасында 8 жасар бала болған. Полицияның айтуынша, қаза болған екі әйел өз денелерімен балаларын жауып, ажалдан арашалап алды. Ұлты мексикалық қылмыскер мас күйінде өз ауласында оқ ата бастаған. 

Грег Каперс, Сан-Хасинто ауданының шерифі:

- Көрші үйден бір әйел шығып, кішкентай баламның ұйқысын бұздыңыз деді. Бұған ол өз үйімде білгенімді істеймін деп жауап берді.  

Бұдан кейін қылмыскер көрші үйге басып кіріп, көзіне түскендердің барлығына оқ жаудра бастаған. Сол кезде үйде 10 адам болған. 38 жастағы қаскөй орманға қашып кетті. Қазір тәртіп сақшылары дрондар мен иісшіл иттердің көмегімен оны іздестіріп жатыр. АҚШ-та осындай қылмыстар жиілеп кетті. Жыл басынан бері 18 атыс болды.