Мароккода көшпенділер фестивалі өтіп жатыр

Пандемияға байланысты бұл шара екі жыл бойы өткізілмеген еді.

Фестиваль барысында көшпелілер мәдениетінің барлық тұстары: қолөнер, сурет пен тігіншілік көрермендердің назарына ұсынылды. Жергілікті және сырттан келген өнерпаздар би билеп, ән мен ертегі айтады. Қонақтар үшін аспаздық сайыстар ұйымдастырылды. Ең маңызды шаралардың бірі - түйе жарысы. Фестиваль үш күнге жалғасады. Мароккода бұл шара 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. 

Исса Дико, Малидегі тумаст мәдени орталығының директоры:

- Түйелердің арқасында араб және ислам мәдениеті Сахараға, Эс-СувЕйрадан Каирге дейін, ТанжЕрден ТомбуктУға дейін тарады. Мен үшін түйенің орны бөлек. Ол көшпенділер мұрасының сақтаушысы. 2000-жылы ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасының тізіміне кірді.