Бейжіңдегі қазақ балаларын дамыту орталығына 5 жыл толды

Қытайдағы қазақ балаларына арналған орталық өзінің мерейтойын атап өтті.

Дамыту мекемесінің Бейжіңде ашылғанына 5 жыл толды. Педагогтер балаларға арнап, "тұсау кесу" дәстүрін көрсетті. Қазақ тілі мен дәстүрін насихаттауға бағытталған орталық мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді қабылдайды. Тіл сабақтарымен қатар, шахмат және сурет салу курстарын өткізеді. Мекеме 2018 жылдың сәуір айында Қазақстанның Қытай Халық республикасындағы елшілігінің жанынан ашылды. Осы уақыт ішінде дипломаттардың балалары ғана емес, Бейжіңдегі қазақ диаспорасының өкілдері, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Үндістан, Пәкістан және Украина азаматтарының балалары да тәлім алды.

Бибігүл Бөрібай, Қазақстан азаматы:

- Мынандай қуанышта тұрмын, алғысым шексіз. Мынадай басқа елде, басқа жерде тұрып, Елшіліктің атынан осындай "Балдырған" бала бақшасы құрылып, мақсаттары – осы жердегі балалардың тілі қазақша шықсын деп. Бойына ұлттық рухта сана тәрбие беріп жақтан, алғашқы ана тілін, өз ана тілінде сөйлетуге дәріптеп жатқан бала бақша ұйымына алғысым өте шексіз. Бүгін менің жиенім, қызымның, біздің өзіміздің алғашқы жиеніміз, соның осы кезде тұсауы кесілді, сол жақсы бастама, жақсы ырым деп есептеймін.