Испанияда адвокаттар мен сот қызметкерлері жаппай ереуілге шықты

Салдарынан 300 мыңдай сот процесі тоқтап қалды.

Бұлардың талабы еңбекақыны көтеру. Талап орындалмаса, акция жалғаса бермек. Ал билік заң қызметкерлерінің бұл ісін қисынсыз дейді.

Испанияда бір ай бойы адвокаттар мен заңгерлер бастаған ауқымды қарсылық  акциясы жалғасып жатыр. Бір ғана Мадрид емес, ереуіл Тенерифе аралында да басталды. Әділет өкілдері жалақыны реттеуді талап етеді, әсіресе заңгерлер қауымы: «сот ісін қараймыз, ал айлығымыз жұмыс ауқымынан үш есе аз деп шағымданды. Бір адам бірнеше кісінің жұмысын атқарып отыр», - деп қарсылық танытты.

Мануель Араус, заңгер:

- Инфлияцияға байланысты өсім қатты, бірақ біздің айлығымыз сол қалпы. Заң саласының тек 7 процентінің жалақысын 450 еуроға көтерді, қалғанымыз құр қол қалдық. Бұл деген командалық жұмыс қой, айлықты алалап емес, біздікін де арттырсын деп талап етеміз

«Өз кезегінде мемлекет тарапы сот, адвокат пен заңгерлердің ереуілдететін себебі жоқ»,- деп отыр. Алатын айлықтары жоқ дегенде 3 мың еуроның үстінде әрі жыл сайын аз да болса өсім бар екенін айтады. Маман тапшылығы бар екені рас, бірақ бұл олқылықтың орнын толтырамыз деді ереуілшілермен келіссөзге келген Әділет министрлігінің өкілі.

Тонтчу Родригес, Испания Әділет министрлігінің өкілі:

- Өткен жылы заң саласындағы қызметкерлердің айлығы он төрт процентке артты. Жылдық есеп бойынша 40 пен 60 мың еуроға жуық айлық алады. Жұмыстары мен оған сәйкес айлықтары жаман емес, бұл ереуілді негізсіз деп білемін.

Испанияның бас қаласы Мадрид пен елдің әр өңірінде өткен ереуіл бір айға дейін созылды. Осы аралықта мемлекетке бір млн еуродан артық шығын келтірген 300 000 астам сот процесі тұралап қалған. Негізгі талабымызды корольдік орындамаса, мамыр айының он алтысында адвокаттар мен заңгер және сот саласының қызметкерлері ереуілді қайталап, сала жұмысын тоқтатамыз деп отыр.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Дмитрий Рогач