Венгрияда мұғалімдер шеруге шықты

Венгрия астанасы Будапеште бас көтерген мұғалімдер мен оқушылар полициямен қақтығысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіп сақшылары премьер-министр кеңсесінің жанына дейін келіп, шектен шыққан шерушілерге көз жасаурататын газ шашты. Полиция ереуілшілердің құрылыс үшін орнатылған қоршауды бұзғанын және полицияға қоқыс лақтырғанын алға тартады. Осындай бұзақылыққа барған 5 белсенді қамауға алынды.

Мұғалімдер үкімет қабылдағалы жатқан заң жобасына қарсы. Жаңа құжат бойынша, ұстаздардың күнделікті жұмыс уақыты 8 сағаттан 12 сағатқа көбеюі мүмкін. 

Тұрғындар:

- Билік мұғалімдермен келіссөз жүргізіп жатырмыз деп уақыт созып, Еуроодақты алдап жүр. Бір қарасаң, заң жобасын жұмсартып жатқан сияқты. Бірақ мұның бәрі жалған. Жаңа құжатта бізге қысым жасағаннан басқа ештеңе жоқ.

- Мұғалімдерімізге обал. Айлығы шайлығына жетпей жүргенде жұмыс көлемін арттырып, оларды одан сайын шаршататын болды. Біз мұны мұғалімдердің хақына қол соғу деп қабылдаймыз.