Австралияға қар қалың түсті
Австралияның бірнеше өңірінде қалың қар жауды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Елдің оңтүстік-шығыс аумағы қақап тұр. Өйткені оңтүстік жартышарда орналасқан Австралияда қазір күз маусымы. Дегенмен мұнда қыстың өзінде қар өте сирек жауатын. Сол себепті тұрғындар қуанбаса қамығып жатқан жоқ. Метереология қызметі ертең де суық болатынын мәлімдеп, елдің оңтүстік-шығысындағы фермерлерді мал қырылу қаупі бар деп ескертті.