Ресейде орман өрті бой бермей барады
Ресейде орман өреніп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жалын шарпыған аумақ 60 мың гектардан асады. Свердлов, Түмен және Курган облыстарында төтенше жағдай режимі жарияланған. Жергілікті БАҚ өкілдері таратқан мәлімет бойынша, 7 адам опат болып, 14-і денесі күйіп ауруханаға түскен. Бірнеше елді мекенде тұрғындар эвакуацияланды. Өрт сөндіруге жүздеген маман және мыңдаған ерікті тартылған.